Тұрғындар заңға өлім жазасын енгізуді талап етуде

1029

Сәтпаев қаласындағы жан түршігерлік жағдайға байланысты Президент шұғыл кеңес өткізді.  

Тұрғындар заңға өлім жазасын енгізуді талап етуде

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына кәмелет жасына толмаған қызды зорламақ болды деген күдікпен ұсталған адамға қатысты тергеу жұмыстарын жан-жақты жүргізіп, оның қорытындысы туралы жұртшылыққа нақты ақпарат беруді тапсырды, деп хабарлайды Atameken Business.

Ал облыс әкіміне халықтың ең басты әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктеріне назар аудару керек екенін айтты.

Дәл осы жанжалдан соң Сәтпаевта интернет өшіп қалған. Бұл жағдайды тұрақтандыру мақсатында болуы мүмкін деп болжануда. Бірақ соның салдарынан бизнес өкілдері  төлемдерін уақытылы жасай алмай отыр. Қазір жергілікті кәсіпкерлер палатасы аталмыш мәселеге қатысты түрлі сұрақтармен келген азаматтардың проблемасын шешуде. Жалпы қалада 3 мыңға жуық бизнес өкілі бар. Шаһарда жеңіл өнеркәсіп, сауда-саттық және өнеркәсіп саласы жақсы дамыған. 70 мың халықтың 40 мыңы экономикалық белсенді болып саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу