Тұрғындар жарыққа жарымай отыр

407

Себебі, қуат көзін тарататын жүйе 60 пайызға ескірген.

Тұрғындар жарыққа жарымай отыр Фото: Ашық дереккөзден

Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданының тұрғындары жарыққа жарымай отыр. Жел мен жаңбыр тұрса болды елді мекен тас қараңғы. Құбырда ағып тұрған су да тоқтайды. Аталған мәселені жұрт сан мәрте аудан басшыларына жеткізген. Алайда, проблема жабулы қазан күйінде қалып келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

200 түтіні бар Чкалов елді мекенінде жарық осылай жиі сөнеді. Жел көтерілген күндері қуат көзі ауылда тәуліктеп жоғалады. Оның артынан насоспен жіберілетін тіршілік нәрі де тоқтайды. Осылай өлместін күнін көріп отырғанымызға жылдар өтсе де, билік бізге назарын бұрар емес деп қапалы жұрт.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу