Тұрғындарды 78 млн теңгеге алдап кеткен қазақстандық қолға түсті

138

Ол 2023 жылдың басынан бері Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының азаматтарын түрлі айламен алдап келген. 

Тұрғындарды 78 млн теңгеге алдап кеткен қазақстандық қолға түсті Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 25 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Күдікті техника мен автокөлік сатып алу, ұялы телефон сату, тауарлық несиені қолма-қол ақшаға айналдыру және ақшаны көбейту сияқты желеулерді пайдаланып, адамдарды сеніміне кірген.

Мәселен, 2023 жылдың қазан айында ол Орал қаласының бір тұрғынын тауарлық несиені қолма-қол ақшаға айналдыру сылтауымен 4 миллион теңгеден астам қаржыға алдап кеткен. Сондай-ақ сәуір мен қазан айлары аралығында тағы бір қала тұрғынына тұрмыстық техника жеткізіп беремін деп, 4,5 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Тергеу барысында алаяқтың құрбандары негізінен өз таныстары екені анықталды.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты 14 алаяқтық дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Келтірілген жалпы шығын көлемі 78 миллион теңгеден асады. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалып, өз кінәсін мойындады.

Ол алдап алған қаражаттың басым бөлігін бәс тігуге жұмсағанын айтқан. Құқық қорғау органдары тұрғындарды қырағы болуға шақырады.

Егер сіз алаяқтардың арбауына түсіп қалсаңыз, тез арада полицияға хабарласқаныңыз жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу