Тұрғындарды емханаға тіркеу науқаны аяқталды

823

Науқанға қатысқан қазақстандықтардың басым бөлігі емханаға өздері барып тіркелсе, 13,5 мыңға жуығы онлайн қызметті таңдаған (egov.kz порталы арқылы).

Тұрғындарды емханаға тіркеу науқаны аяқталды

15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өткен кампания барысында 300 мыңға жуық адам медицина ұйымын еркін таңдау құқығын пайдаланған, деп хабарлайды "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ.

"Науқан кезінде Түркістан облысы мен Шымкент қаласы, Алматы қаласы, Қарағанды және Алматы облыстарының, сондай-ақ Астана тұрғындары белсенділік танытқан. Кампания нәтижесі бұл бастаманың Астана, Алматы сынды ірі қалалар үшін ғана емес, аймақтар үшін де маңыздылығын көрсетіп берді", - деді медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры Забира Оразалиева.  

Науқанға қатысқан қазақстандықтардың басым бөлігі емханаға өздері барып тіркелсе, 13,5 мыңға жуығы онлайн қызметті таңдаған (egov.kz порталы арқылы).

Алдағы уақытта емхананың тіркеу бөлімдері арқылы тіркелу тоқтатылады. Бұл шешім жүйелі проблемаларды жойып, қызметін асыра пайдалану және фальсификация фактілерінің алдын алу мақсатында қабылданып отыр.

"Бұған ешқандай алаңдаудың қажеті жоқ. Біріншіден, тіркелу үшін азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметіне жүгіне алады. Аталған орталықтарда Connection Point бөлімшелері бар, олар egov порталына қосылған. Сол жерде арнайы кеңесшілер отырады. Екіншіден, Egov.kz жуырда Telegram ботын іске қосты. Смартфонның көмегімен осы бот арқылы бірер минутта тіркелуге болады. Үшіншіден, қазір өзіңізді ғана емес, балаларды да онлайн режимде тіркеуге мүмкіндік туды. Жүйе барлық мәліметтерді қысқа мерзім ішінде, автоматты түрде шығарып береді. Бұл процесті барынша жеңілдетеді әрі артық құжат талап етілмейді", - деді Забира Оразалиева.

МСҚ Алматы филиалы директоры Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, тіркеуге өтініш берген оңтүстік астаналықтардың бестен бірі egov порталы арқылы тіркелген. Бұл жұртшылықтың енгізіліп отырған жаңа бастамаларға дайындық деңгейі жоғары екенін көрсетсе керек.

Биылғы тіркеу науқанына 607 медицина ұйымы қатысты. Оның 82-сі – кампанияға тұңғыш рет қатысып отырғандар. Аталған емханалар келер жылы кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде халыққа қызмет көрсетпек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу