Тұрғындардың депозитке жинаған қаражаты 17 трлн теңгеге жеткен

412

Кейінгі 4 жылда халықтың депозиті 2 есеге ұлғайған.

Тұрғындардың депозитке жинаған қаражаты 17 трлн теңгеге жеткен Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстан банктерінде халықтың 17 трлн теңге депозиті сақтаулы. Бұл деректі "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының төрағасы Әділ Өтембаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Кейінгі 4 жылда халықтың депозиті 2 еседен астам ұлғайып, екінші деңгейдегі банктердің міндеттемелеріндегі үлесі 44%-ға жетті. Алайда, халық депозиттерінің көлемі рекордтық көрсеткішке жетіп, 17 трлн теңгеден асса да, әлі де ақшасын "жастығының астына басып отырғанғандар" бар", - дейді ол.

Әділ Өтембаев елдегі банктер халықтың аталған санатымен жұмыс істей түсуі керек деп есептейді.

"Банктерде ақшалай қор жинау жағдайы көп жағдайда халықтың отандық банк жүйесіне деген сенімінің арқасында қалыптасты деп айтуға болады", - дейді қордың басшысы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу