Қажет болса, ақша республикалық қордан да қаралады. Десек те, төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев "облыстың өз қаржысы компенсацияға толық жетуі керек" деп санайды.
"Арнайы эвакуациялық орындар дайындалған. Оны халық біледі. Қай жерге баратынын, қай жерге көшірілетінін. Немесе үйлері құлап, бірдеңелері бұзылып жатса арнайы түрде компенсация бюджеттен төленеді. Ең бірінші жергілікті бюджеттен. Оларға резервке ақша бөлінеді. Жетпей жатса республикадан көмек беріледі", деді ҚР ТЖ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев.
Вице-министр басқа аймақтардың табиғи апатқа дайындықтары туралы да ақпар берді. Айтуынша, қазір еліміздің барлық аймақтарында су басудың алдын алу жұмыстары пысықталуда. Оның ішінде су көтерілу қаупі жоғары және орташа деңгейдегі 13 облыс анықталған. Оңтүстіктегі Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласына алдын алу шараларын күшейтуге тиісті тапсырмалар беріліпті.