Тұрғындарға көшпелі бригада қызмет көрсетеді

1075

Бас шаһардың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мереке күндері қалалық емханаларда учаскелік дәрігерлер мен мобильді бригадалар жұмыс істейтінін хабарлады.  

Тұрғындарға көшпелі бригада қызмет көрсетеді

"Біз халыққа медициналық көмек көрсету үшін үздіксіз жұмыс істей береміз. Қажет болған жағдайда пациенттер учаскелік дәрігерлерге жүгіне алады. Бұған қоса сағат 08:00-20:00-ге дейін жұмыс істейтін көшпелі бригадалардың қызметін пайдалана  алады. Ал жедел жәрдем   қызметі тәулік бойы қызмет етеді. Жедел шақырулардың 4 санатына емханалардағы ЖМК қызмет көрсетеді", – деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Оның айтуынша, мереке күндері қала тұрғындары емханаларының колл-орталықтарына немесе учаскелік дәрігерлерімен байланысқа шығу мүмкіндігі берілген. Байланыс нөмірлері сайттарда және әлеуметтік желіде көрсетілген.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу