Тұрғындарға құжаттарын дайындап, керек-жарағын сайлап отыру ескертілді

936

Түркістандық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары су қорғау аймағына жақын орналасқан тұрғындарға құжат пен керек-жарағын жинап,  кез-келген жағдайға дайын отыруды ескертті, деп хабарлайды Atameken Business.      

Тұрғындарға құжаттарын дайындап, керек-жарағын сайлап отыру ескертілді

Өйткені, аймақта жауын шашынның көп болуынан өзендер мен су қоймаларының деңгейі көтеріліп кеткен. Мәселен, қазір Шардара су қоймасы 96 пайызға толып тұр. Нөсерлі жауыннан сондай-ақ, бір күнде Боралдай өзені 34, Арыс 48, ал Бөген су қоймасы 61 сантиметрге дейін көтерілген. Су деңгейі алдағы уақытта бұданда жоғарлауы мүмкін. Өйткені синоптиктер сәуір айының алғашқы 10-күндігі жауын-шашынды болады деп ескертуде. Сондықтан төтеншеліктер әсіресе таулы аудан тұрғындарын сақ отыруға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу