Түрі жапонға ұқсайтын жігіттерге кастинг жарияланды

687

Түрі жапонға ұқсайтын жігіттерге кастинг жарияланды

"Самал жел" шығармашылық бірлестігі "Сұмырай" көркем фильміне кастинг өткізеді, деп хабарлайды arhar.kz.

Картина Қазақстанға күштеп қоныстандырылған жапондық әскери тұтқындар жайлы баяндайды.

Картина авторлары 25-30 жас аралығындағы қазақ актрисасын іздестіруде. Сондай-ақ, кастингке жапондықтарға ұқсайтын 25-тен 45 жасқа дейінгі азаматтар мен жігіттер шақырылады. Кино түсіріліміндегі тәжірибе маңызды емес.

"Сұмырай" фильмінің негізіне тарихи деректер арқау болған. 1945 жылы жапон әскері капитуляция актісіне қол қояды, содан кейін солардың 60 мыңы күштеп Қазақстанға қоныстандырылады. Бірнешеуі кішкентай ауылға көшіріледі, ол жақта күйеуі соғысқа кетіп, оралмаған қазақ қызы тұрады. Әйел басында жапон әскерлерін жек көреді, кейін солардың біреуіне қалай ғашық болып қалғанын аңдамай қалады.

Түсірілімі биыл басталады. Таспаның қоюшы-режиссері әрі сценарий авторы — Арман Қарабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу