Түркия билігі Сирияға жасалған әуе шабуылдары нәтижесінде "Ислам мемлекеті" тобының 38 содыры құртылғанын мәлімдеді, деп жазады Газета.Ру.
Олардың айтуынша, түріктің жойғыш ұшақтары лаңкестік топ орныққан 28 нысанға шабуыл жасап, командалық орталықтар, қару-жарақ қоймалары және көлік құралдарының көзін жойған.
Бұған дейін АҚШ Сирияның солтүстігіндегі Эль-Баб елді мекенінде түрік әскери күштеріне әскери қолдау көрсету туралы түрік тарапымен келіссөз жүргізіп жатқаны хабарланды.
"Ислам мемлекеті" – бірқатар елде тыйым салынған лаңкестік топ саналады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу