Түрік банктері "Мир" карталарын қабылдауды тоқтатып жатыр

719

Түркияның Is Bankasi және DenizBank банктері "Мир" карталарына қызмет көрсетуді тоқтатты.

Түрік банктері "Мир" карталарын қабылдауды тоқтатып жатыр

Is Bankasi және DenizBank атты екі ірі түрік банкі "Мир" карталарын қабылдауды тоқтатты. Мұндай шешім АҚШ Қаржы министрлігінің ресейлік төлем жүйесін пайдаланғаны үшін санкциялар енгізуі туралы мәлімдемесінен кейін қабылданды деп хабарлайды inbusiness.kz РИА Новости ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Бұған дейін кейбір қонақ үйлердің қызметтерін "Мир" картасы арқылы төлеуде келеңсіздіктер орын алғандықтан, Туристік агенттіктер Альянсы ресейліктерге Түркияға қолма-қол ақша алуға және карталарға сенбеуге кеңес берді.

Түркияда "Мир" картасымен бес банк жұмыс істеді. ТАСС мәліметтері бойынша, Halkbank, Ziraat bankasi және VakifBank банктері "Мир" төлем жүйесінің банктік карталарынан түрік лираларын шығарады.

Динара Мұрат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу