Түрік билігі Анкарада Ресей елшісін өлтірген жігіттің туыстарын қамаудан босатты

783

Түрік билігі Анкарада Ресей елшісін өлтірген жігіттің туыстарын қамаудан босатты

Түрік  билігі  Анкарада Ресей елшісі Андрей Карловты өлтірген  22 жастағы Мевлют Мерт Алтыншаштың отбасы мүшелерін қамаудан босатты, деп хабарлады бейсенбі күні  Си-Эн-Эн-Түрік телеарнасы.

Түркияның арнайы қызметтері Ресей елшісіне шабуыл жасалған соң  қылмыскердің анасын, әкесін, қарындасын және тағы екі жақынын қамауға алған болатын.
Түркиядағы Ресей елшісі А.Карловқа шабуыл  19 желтоқсанда  фотокөрменің ашылу салтанатында жасалды.

Түркия ІІМ-нің айтуынша, Ресей елшісіне шабуылды түрік полицейі М.Алтыншаш жасаған.  Ол А.Карловқа бірнеше рет оқ атып, осы әрекетімен Ресейдің Сириядағы саясатына наразылығын білдірген.  Шабуылдың салдарынан тағы екі адам жарақат алды. Түрік арнайы қызметтері сол жерде қылмыскердің көзін жойды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу