Түрік хакері Трамптың сайтына Құран сүресін жариялады

894

Ол АҚШ-тың "Түркияға және исламға қарсы" ұстанымына наразылық білдіру үшін мұндай қадамға барған.

Түрік хакері Трамптың сайтына Құран сүресін жариялады

RootAyyildiz лақап атты түрік хакері АҚШ-тың бұрынғы Президенті Дональд Трамптың веб-сайтын бұзып алды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Vice сайтына сілтеме жасап. Онымен қоймай, хакер сайтқа Құран сүресін жариялап, Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанның видеосын жүктеген. 

Ол өзінің жеке хабарламасын да Трамп компаниясының петицияға қол қоюға үндеуге арналған парақшасына салған. "Олар Аллаһты ұмытты, ал Аллаһ олардың өздерін ұмытқызды. Олар зұлым адамдар", – деп жазылған сайтта жарияланған сүреде.

Сонымен қатар ол Түркия президентінің видеосын жүктеген. Хакер Трамптың веб-сайтына АҚШ-тың "Түркияға және исламға қарсы" ұстанымына наразылық білдіру үшін мұндай қадамға барған. 

Экс-президенттің веб-сайтына бұған дейін де шабуыл жасалған еді. Politico дерегі бойынша, 2020 жылдың қазан айында хакерлер Трампты әшкерелейтін құпия мәлімет бар деген жазбаны сайтқа жариялаған еді.

Табиғат Нұрболат

Фото: Unsplash.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу