Газ және электр плиталарын өндіруді ұйымдастыру бойынша алғашқы жобаны "Almaty Turmystyq Tehnika Zavody" ЖШС-мен бірлесіп Түркияның жетекші компанияларының бірі "Femas Metal Sanayi ve Ticaret A. S" іске асырды. Құны $7 млн болатын жоба 200-ге дейін жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді деп жоспарлануда. Жобаның жыл сайынғы өндірістік қуаты 200 000 плитаны құрайтын болады.
Айта кету керек, Femas Metal зауыты 40 жылдан астам тәжірибесі бар Түркиядағы газ және электр тұрмыстық техникасын өндіру бойынша көшбасшылардың бірі, компания өз өнімін 6 континенттегі 130 елде шығарады.
Екінші жобаның инвесторы түріктің "Aysultan Candy" компаниясы атынан "Якар" ЖШС болды. Жобаның құны шамамен $3 млн. Осы жоба аясында жылына 6 000 тонна өнім, оның ішінде 2 400 тонна шоколад, сондай-ақ 3 600 тонна лолипоп шығару жоспарлануда, бұл жұмыс орындарын 90 адамға дейін арттырады.
Айта кетейік, "Якар" ЖШС Қазақстандағы, сондай-ақ Орта Азиядағы кондитерлік өнімдердің ірі өндірушілерінің бірі. Бүгінгі таңда кәсіпорынның ассортимент қоржынына карамель кәмпиттері, шоколад кәмпиттері, драже (жержаңғақ) және т.б. сияқты кондитерлік өнімдер кіреді.
Келесі жоба – VOKS Otomotiv Kapi Sistemleri түрік компаниясының автоматты қақпалар өндірісін құру жобасы. Жобаның бастапқы кезеңдегі құны $1 млн. Компания секциялық есік жүйелері, ПВХ-брезенттен жасалған есік жүйелері, тиеу рампалары жүйелері, сондай-ақ тиеу сильфондық жүйелер сияқты өнімдерді үздіксіз өндіруді және оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Осы жобаларды іске асыру шеңберінде түрік серіктестеріне жан-жақты көмекті ҚР СІМ, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ және жергілікті атқарушы органдар көрсетті.