Түрік инвесторлары Алматы облысында пестицид өндіретін зауыт салады

795

Түрік инвесторлары Алматы облысында пестицид өндіретін зауыт салады

Шетел инвесторы - Agrobest Grup түрік холдингі гербицидтер, инсектицидтер, фунгицидтер, дәндерді улағыштар мен глифосатты шығаруға $30 млн салады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Kazakh Invest барлық қажетті рұқсаттар мен мемлекеттік қолдау шараларын алуда жобаға сүйемелдеу жасайды. Осылайша, өңірлік өкілдіктің қолдауымен Алматы облысының Талғар ауданында орналасқан "Қайрат" индустриалды аймағындағы жер телімі таңдалды.

Инвестор жобалау жұмыстарына таяу арада кірісуді жоспарлап отыр. Зауыттың құрылыс жұмыстары осы жылдың соңында басталады және 2019 жылы аяқталады.

Салынып жатқан зауыттың жалпы өндірістік қуаты жылына 12 мың тоннаға дейін пестицидтер өндірісін құрайды. Өнімнің 60% астамы ішкі нарыққа таралып, қалған бөлігі Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдеріне және басқа да нарықтарға экспортталады деп көзделген.

Жобаны іске асыру аясында өңірде 200-ге жуық жұмыс орны ашылады.

Agrobest Grup түрік компаниясының негізі 2002 жылы қаланған және ол - пестицидтердің әлемдік нарығының маңызды қатысушысы. Өндірістің жылдық көлемі - 35 мың тонна. Компания өнімдері Түркіменстан, Өзбекстан, Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Судан, Сирия және т.б. елдердің өсімдіктерін қорғайтын химиялық құралдар нарығына шығарылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу