Түрік инвесторлары Қазақстанда пестицидтер өндіруге ниетті

789

Korumа Group түрік компаниясы Қостанай облысында пестицидтер өндірісі бойынша жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы инвесторлардың Қазақстанға сапары барысында белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz "Kazakh Invest" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түрік инвесторлары Қазақстанда пестицидтер өндіруге ниетті

Жұмыс сапары аясында шетелдік бизнесмендер өңір басшылығымен, ірі жергілікті жеткізушілермен және пестицидтердің дистрибьюторларымен 10-ға жуық кездесу өткізді.

"Компания жаңа өндіріс құрылысына инвестиция салуды жоспарлап отыр. Қазақстандық бизнеспен бірлескен кәсіпорын құру басымдық болып табылады. Компания қазірдің өзінде бірнеше әлеуетті серіктестерді таңдады. Ұсыныс өте жақсы, өйткені біздің облыс аграрлық секторы қарқынды дамып келе жатыр. Өткен жылдың өзінде фермерлер 5200 тонна пестицидтерді тұтынған. Жыл сайын бұл көрсеткіштер өсіп келеді", - деп атап өтті Қостанай облысы бойынша "Kazakh Invest" ҰК" АҚ өңірлік директоры Абылай Молдағұлов.

Бүгінгі таңда компанияға жобаны іске асыру үшін бірқатар инвестициялық алаңдар ұсынылды. Олардың арасындағы ең перспективалы аймақтардың бірі – "Қостанай" индустриялық аймағы.

"Бастапқы кезеңде өсімдіктерді қорғау құралдарының неғұрлым сұранысқа ие түрлерін анықтау бойынша бірлескен жұмыс жоспарлануда, содан кейін жергілікті әріптестің қатысуымен препараттарды тіркеу бойынша жұмыс жалғасады. Тіркеу рәсімдерінің ұзақтығын ескере отырып, өндірістік объектілерді салу бойынша іс-шаралар қатар жүргізілетін болады", - деп толықтырды Абылай Молдағұлов.

Инвесторлар жобаны бір жарым жыл ішінде толық іске асыруға ниетті. Технологиялық шешімдерді енгізумен қатар, түрік компаниясы өз кәсіпорындары мен кадрлар даярлау орталықтарында жергілікті мамандарды кәсіби даярлауды ұйымдастыруға дайындығын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу