Түрік инвесторлары медицина саласын дамытпақшы

579

Ақтөбеде болашақта  ядролық медицина орталығы бой көтереді.   

Түрік инвесторлары медицина саласын дамытпақшы

Оны түрік инвесторлары жүзеге асыруы мүмкін. Бұл мәселені аймақ басшысы Ералы Тоғжанов Оrhun Мedical компаниясының өкілдерімен кездесуі кезінде талқылады. Инвестиция көлемі 50 млн. долларды құрайды. Ядролық медицина орталығы іске қосылатын болса,  қуаты айына 12 мың ОФЭКТ, компьютерлік томография  зерттеуін жасауға жетеді.

Жаңа орталық онкологиялық сырқаты бар пациенттердің  дертін дер кезінде анықтауға ғана емес, сонымен қатар, жүрек-қан тамырлары  ауруына ем жасауға арналған.

Түрік инвесторлары бұған дейін Қазақстанның  бірнеше қаласында  медициналық орталықтар салған. Құны 20 млн$ болатын жобаға инвестиция салыпты. Қарағанды, Жамбыл, Павлодар және Маңғыстау облыстарында бір-бір диагностикалық орталық ашып, 250 адам жұмыспен қамтылған. Өткен жылы ""Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" АҚ жанынан томотерапия орталығы  жұмысын бастады. Жобаның инвестициялық құны - 6,5 млн. $ құрады.

Ақтөбедегі ядролық медицина орталығы іске қосылатын болса, маман тапшылығы болмайды. "Кадр мәселесін медицина университеті шешеді, оның базасында мамандарды даярлау бойынша база ашуға болады", - деді Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Зада ЗЕЙІН

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу