Түрік инвесторы Семейде ЖЭО-3 салуға ниетті

524

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев пен "Siterm" компаниясының өкілдері кездесті.   

Түрік инвесторы Семейде ЖЭО-3 салуға ниетті Фото: ortcom.kz

Бұл туралы Абай облысының әкімдігі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап, inbusiness.kz хабарлайды.

Ақпаратқа сәйкес, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев пен "Siterm" компаниясының өкілдері РК-3, 103, 103А қазандықтарын қайта жаңарту мәселесін талқылаған.

"Түрік инвесторы Семейде ЖЭО-3 салуға мүдделі. Айта кетейік, Семей қаласының ТҮКШ бөлімінің, "Теплокоммунэнерго" МКК, Курчатов қаласының КМЭП МКК өкілдері Түркияның тәжірибесін зерделеп, өндіруші зауыттың және жылу көздерінің жұмысымен танысты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар энергетика министрлігімен келіссөздер жүргізуге және желтоқсан айының басында Астанада кездесу ұйымдастыруға келісті", делінген ақпаратта.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу