Таразда Түрік қағанатына тиесілі алып қалашық табылды. Қазба жүргізген археологтар көне шаһарды көріп аң-таң. Өйткені, аумағы қазірдің өзінде 600 гектар. Көне мәдениет ошағы облысқа қарасты Жамбыл ауданынан анықталды. Қала 2 бөліктен тұрады.
Нысан VII-XXII ғасырларға тиесілі Қаракемер қалашығының қалпы. Қызығы шаһар барын 85 жыл бұрын шығыстанушылар болжап білген. Алайда зерттеу жұмысы кемшін қалыпты. Қазір археологтар 20 күндік қазба жұмысы нәтижесінде тың жаңалыққа қол жеткізіп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу