Түрік қарулы күштері Қазақстан қарулы күштеріне қолдау көрсетті

2351

Біздің курсанттар Түркияның әскери училищелерінде білім алып жатыр.

Түрік қарулы күштері Қазақстан қарулы күштеріне қолдау көрсетті

Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Түркия Республикасының қорғаныс министрі Хулуси Акара екі елдің қорғаныс саласындағы ынтымақтастығы жалғаса беретінін жариялады. 

Тараптар өңірлік қауіпсіздік, әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық, оның ішінде кадр даярлау мен әскери білім беру, жауынгерлік даярлық, оқу-жаттығуларына қатысу мәселелерін талқылады.

Айта кетейік, түрік қарулы күштері мен бас штабы алғашқылардың бірі болып Қазақстанның қарулы күштерінің қалыптасуы мен дамуына жан-жақты қолдау көрсетті. Қазақстанға 1990-2000 жылдар аралығында ақысыз негізде картографиялық жабдық, байланыс құралдарын және жол талғамайтын әскери көлік жеткізіп, жеңіл брондалған автомобиль мен оптикалық-электрондық құралмен қамтамасыз етті. 

Бүгінгі таңда әскери білім беру аясында Түркияның әскери училищелерінде Қазақстанның курсанттары білім алып жатыр. Бұған қоса Қазақстан қарулы күштерінің әскери қызметшілері Түркияның әскери оқу орталықтарында шеберліктерін шыңдауда. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу