Түрік кәсіпкерлері Қазақстанның кен байлығына қызығып отыр

1119

 Түрік кәсіпкерлері Қазақстанның кен байлығына қызығып отыр

Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда айналымы 5 млрд АҚШ долларына жетуі тиіс. Қос елдің көшбасшылары 2017-2020 жылдарға арналған "Жаңа синергия" бірлескен экономикалық бағдарламасында осындай межені белгілеп отыр, деп хабарлайды khabar.kz.

Яғни инвестиция тарту, индустриалды аймақтар құру мен бірлескен жобаларды іске асыру бағытында екеуара ынтымақтастық қарқын алмақ. Осыған сәйкес еліміздің Ыстамбұл қаласындағы Бас консулы Еркебұлан Сәпиев "Заманауи өнеркәсіпшілер" қауымдастығында болып, іскер топ өкілдерімен кездесті. Басқосуда қазақ елінің инвестициялық ахуалы мен кәсіпкерлікке жасалынып отырған мемлекеттік қолдаудың жай-жапсары кеңінен талқыланды. Мысалы, Қазақстанда іскерлік сапармен болған түрік кәсіпкерлері: "елімізде өндіріс ашып, табыс табуға жан-жақты жағдай жасалған", – дейді.

"Қазақстанды таңдау себебіміз, зерттеу жұмыстарымыздың нәтижесінде бұл елдің тау-кен саласы әлемде үшінші орында екенін білдік. Жарты жылда Қазақстанда үш мәрте болып, тиісті келісімдерге қол жеткіздік. Атап айтсақ, қазақ елінің үкіметі бізге өндіріс ашу үшін жер телімі мен шикізат алуға көмек беретінін жеткізді. Қазіргі таңда бизнес жобамыз бекітілді. Енді алдағы күндері құрылыс жұмыстары басталады деп жоспарлап отырмыз", - дейді "Fe Metal" кәсіпорын басшысы Шүкрі Дженикли.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу