Түрік кеңесіне мүше мемлекеттерде бір ғана виза болуы мүмкін

455

Түрік кеңесіне мүше мемлекеттерде бір ғана виза болуы мүмкін

Алдағы уақытта Қазақстан, Қырғызстан, Түркия мен Әзербайжанның азаматтары саяхаттау үшін төрттік арасында бір ғана визамен жүруі мүмкін, деп хабарлайды 24.kz.

"Тур пакет" қабылданса, аталған елдерде демалудың құны да арзандай түседі.

Бүгін елордада Түрік кеңесіне мүше мемлекеттердің туризм саласына жауапты министрлері бас қосып осы жобаны талқылады. "Түрік кеңесі-Заманауи Жібек жолы" аталатын туристік бірлестікке Өзбекстан да қосылуы ықтимал. Астанадағы алқалы жиында талқыланған жаңа жоба қыркүйекте Қырғызстанның Шолпан Ата қаласында өтетін түркітілдес елдер басшыларының саммитінде де кеңінен пысықталады деп күтілуде.

"Осы төрт мемлекет, қазір Өзбекстан қосылады деп жатырмыз. Яғни 5 мемлекет бірігеді де, алдағы уақытта туризм саласында "Жібек жолы" деген жаңа бренд қалыптасады. Осы мемлекеттердің арасында. Және дүниежүзіне жария етіледі. Бұл тек өзіміздің  туристермен алмасу емес, басқа шетелдік азаматтарды осы "Жібек жолы" брендін көру үшін елдерімізге турист ретінде шақыру", - дейді "KazakhTourism" ұлттық компаниясының департамент басшысы Гаухар Жеңісбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу