Түрік компаниясы 164 млн теңгені төлеуден жалтарған

849

Салық төлемеген компания басшысы 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Түрік компаниясы 164 млн теңгені төлеуден жалтарған

Түрік компаниясы қазынаға түсуге тиіс 164 млн теңгені төлеуден жалтарған. Бұл фактіні Қылмыстық тергеу барысында қаржы министрлігінің экономикалық зерттеулер департаменті анықтады, деп хабарлайды Atameken Business.

Beshel Construction құрылыс компаниясы Қазақстанда 2015 жылы тіркелген екен. Нәтижесінде Есіл аудандық соты мекеме директоры Доган Ергюн есімді түрік азаматын 2 жылға еркіндігінен айырды. Жаза мерзімі аяқталған соң ол Қазақстаннан шығарылып, 5 жылға дейін кіре алмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу