Түрік курортында атыс болды: қаза тапқандар бар

595

Мугла провинциясының Бодрум ауданындағы қонақ үйде атыс болды. 

Түрік курортында атыс болды: қаза тапқандар бар Фото: eadaily

Нәтижесінде бір адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды, деп хабарлайды Inbusiness.kz DHA ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қонақ үйге көлікпен келген үш адам мен қонақ үй аумағындағы тағы үш адам арасында жанжал туындаған. Атыс салдарынан зардап шеккендер Ардахан Б. (22 жаста) және Йигиткан Б. (22 жаста) ауруханаға жеткізіліп, оларға медициналық көмек көрсетілді. Тағы бір жарақат алған адам — Мерт Али А. (17 жаста).

Омер Аташ (28 жаста) оқиға орнында қайтыс болды.

Қазіргі уақытта жасырынып жүрген күдіктілер іздестіріліп жатыр, тергеу басталды. Жанжалдың себебі әлі анықталған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу