Түрік лирасы рекордтық деңгейге дейін құнсызданды

542

Қазір 1 доллар 20 лирадан сатылып жатыр.

Түрік лирасы рекордтық деңгейге дейін құнсызданды Фото: armenpress.am

Валюта бағамы президенттік сайлау өткеннен кейін әлсіреген.

Экономистер лираның құнсыздануын Орталық банктің ақша-несие саясатымен байланыстырады. Қазір елде инфляция жоғары болғанымен, пайыздық мөлшерлеме төмен күйінде қалып отыр.

Президент Режеп Тайып Ердоған ставкаларды көтермей, инфляцияны төмендетуге болады деп есептейді.

Ал "Bloomberg" агенттігінің хабарлауынша, Түркияның ақша-несие саясаты өзгермесе, жыл соңына қарай лира бағамы 29 пайызға дейін арзандауы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу