Президент Режеп Тайып Ердоғанның пайыздық мөлшерлемелерді төмендетуге уәде беруі елдегі инфляцияның өсу қаупін одан сайын арттыра түскеннен кейін, түрік валютасы долларға шаққанда 1,1%-ға арзандады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Осылайша, саудадағы рекордтық ең төменгі деңгейге жетті.
Сонымен бірге Ердоған Түркияның пайыздық мөлшерлемелерді көтермейтінін, керісінше төмендете беретінін айтты.
Осыдан кейін лира тағы да әлсіреп, 8 маусым долларға шаққанда тағы құлдырап, 16,845-ке жетті. Биыл Түркия валютасы 21%-дан аса әлсіреді. 8 маусымдағы лира бағамы 25,55 теңгені құрайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу