Түрік оппозициясы Ердоғанды тығырыққа тіреді

494

Оппозициялық партия қазіргі билікті "хунта" деп айыптады. 

Түрік оппозициясы Ердоғанды тығырыққа тіреді Фото: РИА Новости

Түрік оппозициясының жетекшісі Өзгюр Өзел президент Режеп Тайып Ердоғаннан АҚШ әкімшілігі Экрем Имамоғлудың тұтқынға алынуын мақұлдады ма деген сауалға жауап беруін талап етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өзгюр Өзел жексенбі күні халықтық-республикалық партияның (ХРП) съезінде сөйлеген сөзінде Түркияда жүргізілген барлық сауалнама нәтижесі ХРП-ның елдегі нөмірі бірінші партия екенін көрсетті деп мәлімдеді. Ол Ердоған әкімшілігін "хунта әкімшілігі" деп атады. Сондай-ақ саясаткер қазіргі билікті қарсыластарына қарсы "күш қолданды" деп айыптады.

Өзел президент Ердоғанға "сенімсіздік білдіру" бойынша қол жинап, президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу бастамасын көтерді.

Басқарушы партия оппозициялық партия жетекшісінің мәлімдемесін қатаң айыптады.

"Өзгюр Өзелдің саяси тарихтан хабары жоқ. Ол саяси ұсыныстар жасай алмайды. Осындай сөз тіркестерін президентімізге қарсы қолдану саяси надандықтан басқа ештеңе емес. Бұл – оппозициялық партияның әдеті. Олар демократиялық жолмен таңдалған ерік-жігерді хунта деп атайды", - деді билеуші партияның ресми өкілі Омер Челик.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу