Бұл туралы Hürriyet газеті Optimar зерттеу орталығы жүргізген сауалнама деректеріне сілтеме жасай отырып хабарлайды, деп жазады Inbusiness.kz.
Ердоғанның басты қарсыласы, оппозициялық "Ұлт Альянсының" кандидаты Кемал Кылычдароғлыны сауалнамаға сәйкес азаматтардың 45,3%-ы қолдайды. Қазіргі түрік көшбасшысына респонденттердің 47,4%-ы дауыс беруге дайын.
Ал екі фаворит басқаратын саяси бірлестіктердің алдағы сайлау жарысындағы жағдайы айтарлықтай ерекшеленеді. 14 мамырға дейін, президенттік сайлаумен қатар, Ердоғанның басқарушы Әділет және даму партиясы (38,4%) Кылычдароғлының республикалық Халық партиясын (25,9%) 12,5%-ға басып озды.