Түрік тарапы бас тартты

761

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров қазақстандықтардың Түркиядан неге жеткізілмегеніне қатысты түсініктеме берді.

Түрік тарапы бас тартты

"24 сәуірде Turkish Airlines әуекомпаниясының ұшағымен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Түркияның 160-тан астам азаматы өз елдеріне оралды. Біздің Анкарадағы елшілігіміз қазақстандықтарды Түркиядан осы ұшақпен қайтып әкелу мәселесін алдын ала түрік тарапымен пысықтаған болатын. Алайда, түрік тарапы біздің отандастарымызды аталған ұшаққа отырғызудан бас тартты",– деп жазылған СІМ өкілінің түсініктемесінде.

Ресми өкілдің айтуынша, Сыртқы істер министрлігі шетелдегі отандастарымыздың отанға оралуына көмек көрсетуді жалғастыра береді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу