Түрік ұшағы апатты жағдайда Атырауға қонды

617

Түрік ұшағы апатты жағдайда Атырауға қонды

Новосібірден Анталияға бет алған "Пегасус" түрік әуе компаниясының Боинг-737 ұшағы апатты жағдайда Атырау әуежайына қонды, деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.

Комитеттің хабарлауынша, түрік ұшағының қозғалтқышы істен шыққан. "Бүгін сағат 10:03-те Новосібір-Анталия бағытындағы "Пегасус" түрік әуе компаниясының Боинг-737 әуе кемесінің қозғалтқышы істен шықты деген хабар келіп түсті. Экипаж Атырау қаласына апатты жағдайда қону туралы шешім қабылдаған. 10:20-да ұшақ жерге қонды. Бортта 190 жолаушы және 6 экипаж мүшесі болған", - деп мәлімдеді азаматтық авиация комитеті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу