Аль-Шарджидан Ыстанбұлға бағыт алған Түркия ұшағы Иранның оңтүстік-батысындағы Шахрекорд қаласына жақын маңда апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Иран апаттық-құтқару қызметінің өкілі Моджтаба Заледидің журналистерге хабарлауынша, түріктің жеке меншіктегі ұшағы Иранның оңтүстік-батысында Киар қаласы жанындағы тауға соқтығысқан.
Алдын ала деректерге қарағанда, ұшақ бортында 11 жолаушы болған. Оқиға орнына құтқарушылар тобы аттанды.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        