Түрікменстан ешкімнің жағына шықпайды

Мұны елдің ұлттық көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов айтты. 

Түрікменстан ешкімнің жағына шықпайды Фото: en.kremlin.ru

"Eurasia Talks" бағдарламасының кезекті шығарылымында ол Түркіменстанның бейтараптық саясатына тоқталып өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты

Түрікменстанның ұлттық көшбасшысы елдің жаһандық ынтымақтастыққа және экономикалық әріптестіктерге адалдығын тағы бір мәрте растады.

Ол сыртқы саясатының басты тірегі ретінде бейтараптық ұстанымын қуаттап отыр.

– Біз жаһандық мәселелерді күш қолдану арқылы шешуді қолдамаймыз, – деді ол.

Гурбангулы қақтығыстарды шешудің басты жолы ретінде диалогты ұсынған.

Сұхбат барысында ол Түрікменстанның бейбіт дипломатияға, халықаралық құқықты құрметтеуге және экономикалық ынтымақтастыққа берік екенін айтты.

Еуроодақпен қарым-қатынасына тоқталған Бердімұхамедов энергетика саласындағы ынтымақтастық пен сауданың әлеуетін ерекше жеткізді.

– Түрікменстан Еуропамен өзара тиімді салаларда қарым-қатынасты нығайтуға дайын, – деп сөзін түйіндеді сөзін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу