Түрікменстанның Сыртқы істер министрлігі Каспий теңізіндегі теңіз кемелеріне жасалған шабуылдарды айыптады.
Тиісті мәлімдеме Украина әскерінің ұшқышсыз ұшу аппараттары Каспий акваториясында Иранның сауда кемесіне соққы жасағаны туралы хабардан кейін жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"25 шілдеде халықаралық БАҚ-та Каспий теңізінің акваториясында теңіз кемесіне жасалған шабуыл туралы ақпарат пайда болды. Осыған байланысты Түрікменстанның Сыртқы істер министрлігі мұндай әрекеттерге жол беруге болмайтынын мәлімдейді", – деп хабарлады Түрікменстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Түрікменстан Каспий маңы мемлекеті әрі БҰҰ мойындаған тұрақты бейтарап мәртебеге ие ел ретінде Каспий теңізі бейбітшілік, өзара келісім және тату көршілік аймағы екенін ерекше атап өтеді.