Түрікменстан Қытай алдындағы қарызын толықтай өтеді

1965

2009 жылы газ құбыры іске қосылғаннан бері бұл ел ҚХР-ға 300 миллиард текше метрден астам газ импорттады.

Түрікменстан Қытай алдындағы қарызын толықтай өтеді

"Türkmengaz" мемлекеттік концерні Түрікменстан-Қытай газ құбырын салу және "Galkynyş" деп аталатын әлемдегі ең ірі газ кен орнын кезең-кезеңімен игеру үшін Қытай Халық Республикасынан алынған қарызын толығымен өтеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Trend.az сайтына сілтеме жасап.

Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовқа борыштың қайтарылғанын отын-энергетика кешеніне жетекшілік ететін вице-премьер Шахым Әбдірахманов баяндаған. Ол 2021 жылдың 8 маусымында Қытайдың мемлекеттік даму банкінің Шыңжаңдағы бөлімшесінен ақшаны қайтару туралы ресми хабарлама алынғанын жариялады.

Мемлекет басшысы Түрікменстанға берілген шетелдік несиелердің уақтылы және толық көлемде өтелгенін атап өтіп, Түрікменстанның өз міндеттемелерін орындауға жауапкершілікпен қарайтынын жеткізді.

Түрікменстан Қытайға табиғи газды "Орта Азия-Қытай" газ құбыры арқылы экспорттайды. Өткен жылы Қытай құбыр арқылы 39 миллиард текше метрден астам табиғи газды импорттаған.2009 жылы газ құбыры іске қосылғаннан бері Түрікменстан Қытайға 300 миллиард текше метрден астам газ жеткізген.

Табиғат Нұрболат

Фото: trend.az

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу