Түрікменстан мен Қазақстан арасында автобан салынады

1044

Жол Түркіменбашыдан Қазақстанның шекарасына дейін жалғасып 225 км болмақ, ал ені 22,5 метрді құрайды.

Түрікменстан мен Қазақстан арасында автобан салынады

Түркіменстан мен Қазақстан арасында алғашқы автобан салынады. Құрылыстың барысы жайында вице-премьер Дәдебай Амангелдіұлы президент Гурбангулы Бердімұхамедовке баяндады, деп хабарлайды Atameken Business.

Жол Түркіменбашыдан Қазақстанның шекарасына дейін жалғасып 225 км болмақ, ал ені 22,5 метрді құрайды.

Тасжол мен көпірдің құрылысы екі ел арасындағы тауар айналымын, жүк және жолаушылар тасымалын арттыруға септігін тигізбек.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттер арасындағы магистральдың салынатындығы жайында бір жыл бұрын айтылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу