Түрікменстан мен Қазақстанды жалғайтын көпірдің құрылысы басталды

746

Көпірдің жалпы ұзындығы – 354 метр, ені – 21 метр. Су деңгейінен биіктігі 7 метрді құрамақ.

Түрікменстан мен Қазақстанды жалғайтын көпірдің құрылысы басталды

Түрікменстан мен Қазақстанды жалғайтын көлік көпірінің құрылысы басталды. Балқан облысындағы Гарабогаз шығанағы арқылы өтетін жаңа көпір Түркменбашы – Гарабогаз – Қазақстан шекарасы жолының бір бөлігіне айналмақ, деп жазады inbusiness.kz newscentralasia-ға сілтеме жасап.

Көпір екі ел арасындағы тауар айналымын жақсартуға және Еуропаға дейінгі жолды қысқартуға көмектеседі. Мәліметте көпір салу жобасымен Украинаның "Altkom жол құрылысы" компаниясы айналысады деп көрсетілген. Аталмыш компания Түрікменстанда 2009 жылдан бері жұмыс істейді. 

Жобаның тапсырыс берушісі – Түрікменстанның автомобиль жолдарының құрылысын басқару жөніндегі мемлекеттік агенттігі. 

Көпірде жарықтандыру мен қоршаулары бар жаяу жүргіншілер жолы болады деп жоспарланған.

Құрылысты 2024 жылдың маусым айында аяқтау көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу