Түрікменстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

731

Іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарлануда.   

Түрікменстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

15 қазанда Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапармен келеді, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл сапар саяси, сауда-экономикалық, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты, сондай-ақ қазақ-түрікмен стратегиялық әріптестігін арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ тараптар кең ауқымды мәселелерді, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылауды жоспарлап отыр.

Айта кету керек, биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу