Түрікменстан президенті сенатор қызметін атқаратын болды

1020

Бұл елде премьердің қызметі президенттің өкілеттігіне кіреді.

Түрікменстан президенті сенатор қызметін атқаратын болды

Түркіменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедов өз өкілеттігіне сенаторлықты да қосып алды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы жергілікті басылымдарға сілтеме жасап. 

6 миллиондай халқы бар елді 63 жастағы Бердімұхамедов шамамен 20 жылдай басқарып келеді. Оның қазіргі президенттік мерзімі 2024 жылы аяқталады.
Тағы бір жайт, Түрікменстанда премьер-министр деген лауазым жоқ. Оның өкілеттігі президенттің қолында. Ақпан айында Бердімұхамедов 38 жастағы ұлы Сердарды премьер-министрдің орынбасары етіп тағайындаған еді. 

Парламенттің төменгі палатасының басшысы Гүлшат Маммедованың айтуынша, мемлекет басшысына сайлаушылардың барлығы бірауыздан дауыс берген. 

Reuters агенттігінің дерегінше, табиғи газ қоры бойынша әлемде төртінші орында тұрған Түркіменстан шикізатты ,негізінен, Қытайға экспорттайды. Бұл ел 2019 жылы Ресейге газ жеткізуді бастады, қазір Ауғанстан арқылы Пәкістан мен Үндістанға дейін құбыр салып жатыр.

Табиғат Нұрболат
Фото: sng.today

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу