Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Астанаға келді

180

Түрікменстан басшысын Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды.

Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Астанаға келді Фото: t.me/KZgovernment

Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне қатысады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қазақстан мен Түрікменстан өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтуде. Мәселен, 5 жыл ішінде екі ел арасындағы өзара сауда көлемі 4 есеге өсіп, тек соңғы жылдың өзінде 28%-ға артты. Биылғы 6 айда тауар айналымы $237,2 млн-ды құрады. 

Бүгінгі таңда ынтымақтастықты арттырудың перспективалы бағыттары – газ және транзиттік-көлік салалары. Онда автожолдарды реконструкциялау және салу бойынша бірқатар ірі жобалар іске асырылуда. Оның ішінде ұзындығы 225 шақырым болатын "Қазақстан шекарасы – Гарабогаз – Түрікменбашы" жаңа автожолының және Гарабогазгол шығанағы арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысы бар. Ұзындығы 165 шақырым "Жаңаөзен – Түрікменстан шекарасы" учаскесін реконструкциялау жобасы пысықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу