Түрікменстан Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары күтіліп отыр

633

Қазан айында Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің Қазақстанға мемлекеттік сапары күтіліп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Түрікменстан Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары күтіліп отыр

ҚР СІМ мәліметінше, Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қонысбаев пен Түрікменстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Вепа Хаджиевтің төрағалығымен бейнеконференция форматында қазақ-түрікмен саяси консультациялары өткен.

"Іс-шара аясында тараптар Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы екіжақты және көпжақты форматтарда ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жай-күйі мен перспективалары туралы жан-жақты пікір алмасты.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы қазандағы Ашғабадқа мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру және Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің 2022 жылғы қазандағы Қазақстанға мемлекеттік сапарына дайындыққа ерекше назар аударылды. Сондай-ақ түрікмен тарапының 6-АӨСШК саммитіне, ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесіне және "Орталық Азия - Ресей" саммитіне қатысуына ерекше ден қойылды", – делінген хабарламада.

Консультация қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға жәрдемдесу үшін екі мемлекеттің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы байланыстардың жоғары деңгейін қолдауға уағдаласты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу