Түрікменстан шекарасы арқылы шабуыл астында қалған Иран аумағынан 100-ден астам адам кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Түрікменстан Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
"Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты Түрікменстан Иран аумағында жүрген шетелдік дипломаттар мен олардың отбасыларына, сондай-ақ басқа да азаматтарға өз аумағы арқылы шығуға мүмкіндік беру үшін шұғыл шаралар қабылдап жатыр. Бүгінге дейін шекаралық бақылау-өткізу пункттері арқылы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Румыния және басқа елдердің шамамен 120 азаматы Түрікменстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өтті", – деп хабарлады Түрікменстан СІМ.
Адамдар көлік, тамақ, қонақ үй және алғашқы қажеттіліктегі заттармен қамтамасыз етілгені де айтылған.
Айта кету керек, бұған дейін Иран ядролық келісімге келуге дайын екенін жазған едік.