Түрікменстанда Қадір түніне орай 463 сотталушыға рақымшылық жасалады

484

Түркіменстанда қасиетті Рамазан айының аяқталуы алдындағы Қадір түніне орай 463 сотталушыға рақымшылық жасалады. 

Түрікменстанда Қадір түніне орай 463 сотталушыға рақымшылық жасалады Фото: img5.eadaily.com

Тиісті Жарлыққа Республика Президенті Сердар Бердімұхамедов қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Түрікменстан бүгініне" сілтеме жасап.

Агенттік хабарлағандай, Түрікменбашы өзінің шешімі туралы 15 сәуірде министрлер кабинетінің отырысында жариялады. Ол жасаған ісіне өкінген сотталғандарға кешіріммен қарау дәстүрге айналғанын атап өтті.

"Біз ұлы ата-бабаларымыздың мейірімділігі мен гуманизм қағидаттарын басшылыққа ала отырып, оларды жазасын одан әрі өтеуден босату бойынша игі істі қолға алдық", - деді кіші Бердімұхамедов.

Ол құқық қорғау органдарының басшыларына рақымшылық жасалғандарды тезірек босату үшін шаралар қабылдауды тапсырды, ал өңірлердің хякимдеріне (әкімшілік басшыларына) осы адамдарды жұмысқа орналастыру міндетін қойды.

Исламда қастерлі Қадір түні қарсаңында, бейтараптық пен тәуелсіздік күндері сияқты, Түркіменстанда тұтқындарға рақымшылық жасау шаралары үнемі өткізіліп тұрады. Осылайша, соңғы бес жылда елде 20 мыңнан астам сотталушы босатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу