Түріктер биыл Қазақстанда 10 жаңа өндірісті іске қосады

1593

Бизнесмендер Қазақстан Үкіметінің инвесторларды қолдау аясындағы қызметін жоғары бағалап, көрсеткен қолғабысы үшін алғыстарын білдірді. 

Түріктер биыл Қазақстанда 10 жаңа өндірісті іске қосады

Түркияға ресми сапарының екінші күні ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді биыл Қазақстанда 10 жаңа өндірісті іске қосуды жоспарлаған түрік компанияларымен жұмыс таңғы асын өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түрік кәсіпкерлері машина жасау, медициналық бұйымдар, тамақ өнеркәсібі, инфрақұрылым, тау-кен өнеркәсібі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Түрік компанияларына Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері, бизнес жүргізуді одан әрі жақсарту бойынша мемлекет қабылдап жатқан шаралар туралы толық ақпарат, сондай-ақ экспорттық қолдау, жекешелендіру және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберіндегі неғұрлым перспективалы салалар туралы ақпарат ұсынылды.

Сондай-ақ, М.Тілеуберді Түркі кеңесі хатшылығының жаңа кеңсесіне барып, осы Ұйымның Бас хатшысы Бағдад Әміреевпен биылғы жылғы 31 наурызда Түркістан қаласында өтетін Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бейресми саммитіне дайындық барысын талқылады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу