Түріктің "AnadoluJet" әуекомпаниясы Алматы-Анкара жаңа бағытын ашты

534

Рейстер аптасына екі рет В-737 үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады. 

Түріктің "AnadoluJet" әуекомпаниясы Алматы-Анкара жаңа бағытын ашты Фото: ҚР ИИДМ

20 қараша күні Алматы халықаралық әуежайында түрік бюджеттік тасымалдаушысы Алматы-Анкара жаңа әуе бағытын салтанатты түрде ашты, деп хабарлайды inbsuness.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

"Қазақстандағы "ашық аспан" режимі шеңберінде ұшу географиясын одан әрі кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыстардың нәтижесінде бүгін "Turkish Airlines" түрік авиакомпаниясының еншілес кәсіпорны - "AnadoluJet" түрік бюджеттік тасымалдаушысының Алматы-Анкара жаңа бағытын ашу салтанатты рәсімі өтті", делінген ақпаратта.

Рейстерді "AnadoluJet" тасымалдаушысы аптасына 2 рейс жиілігімен В-737 үлгісіндегі әуе кемелерінде орындайтын болады.

Іс-шараға Қазақстан Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, "AnadoluJet" компаниясы бас директорының орынбасары Маджит Бояр және "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ президенті Альп Эр Тунг Ерсой қатысты.

"Бұл рейстің ашылуы Қазақстан мен Түркия арасындағы сауданы, туризмді, бизнесті дамытуға оң әсерін тигізеді", делінген ақпаратта.

Ақпаратқа сәйкес, биыл шілде айында Қазақстан мен Түркияның авиациялық билігі Қазақстан мен Түркия арасында рейстер мен маршруттар санын ұлғайту жөнінде келіссөздер жүргізген болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу