Түріктің танымал әншісінің 10 миллион қаралым жинаған клипі эфирден алынды

749

Зейнеп Бастыққа бейнебаяны үшін айыппұл салынды. 

Түріктің танымал әншісінің 10 миллион қаралым жинаған клипі эфирден алынды Фото: Sağlıklı Markalar

Әнші Зейнеп Бастыққа бейнебаяны арқылы алкогольді ішімдік жарнамалағаны үшін 155 мың лира (3,5 миллион теңге) айыппұл салынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайтының Анкарадағы тілшісі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Танымал әншінің өткен жылдың қыркүйек айында ютуб каналына жариялаған видеосы дауға ұласты. Бейнебаянда алкогольді ішімдік жарнамалады деген Зейнеп Бастыққа 3,5 миллион теңге айыппұл салынды. 10 миллион қаралым жинаған әншінің бейнебаяны эфирден алынып тасталды. Әзірге Зейнеп Бастық бұл тақырыпқа қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Айта кетейік, әнші омыртқасын сындырып алып, бірнеше апта сахнаға шыға алмаған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу