8 қазан күні Стамбул прокуратурасы 19 танымал тұлғаны есірткі, контрабанда және экономикалық қылмыстарға қатысты тергеу аясында жауап беруге шақырды, деп жазады inbusiness.kz сайты 24saathaber телеарнасына сілтеме жасап.
Олардың қатарында актерлер Кубилай Ака, Каан Йылдырым, Беррак Тюзюнатач, Демет Авшар, Зейнеп Мерич Арал Кескин, Озге Озпиринччи, Мерт Языджиоглу, Бирдже Аталай, Метин Акдюлгер, Джерен Морав Орджан, Дилан Полат және Энгин Полат бар.
Сонымен қатар, инфлюенсерлер Дуйгу Озаслан және Дерин Талу, адвокат Фейза Алтун және музыканттар Ирем Дериджи, Хадисе мен Зийнет Сали де тергеуге тартылды.
Операцияны Стамбул провинциясының жандармериясы жүргізіп, атақтыларды медициналық орталыққа алып барып, қан сынамалары мен басқа да талдаулардан өткізді. Содан кейін жандармерияға жауап беруге жеткізді.
Прокуратура тергеу тек есірткі пайдалану күдігіне қатысты жүргізіліп жатқанын, қазірдің өзінде ешкімге айып тағылмағанын хабарлады.
Түркияда жеке тұлғалардың есірткі пайдалану фактілері қылмыстық кодекстің 191-бабы бойынша тексеріледі. Бұл заң бойынша, егер тергеу нәтижелері бойынша жеке тұтынушының кінәсі расталса, соттау орнына емдеу, реабилитация немесе сынақ мерзімі тағайындалуы мүмкін.