Турист-блогер Қазаннан Қостанайға велосипедпен келген

347

Саяхатшы-блогер 1,5 мың шақырымнан астам жол жүріп өткен. 

Турист-блогер Қазаннан Қостанайға велосипедпен келген Фото: Sportishka

Қостанай облысының тумасы 33 жастағы Валерий Сморчков кейінгі бірнеше жыл Қазан қаласында тұрады. Ол екі жарым аптаның ішінде 1570 шақырым жол жүріп өтіп, Қазақстанға велосипедпен келген. Ол ата-анасына қонаққа келген.

Орташа алғанда, ол күніне 120 шақырымды еңсеріп, 9-10 сағат 15-17 км/сағ жылдамдықпен жүрген. Жолда достарымен, туыстарымен бірге үш рет шатырда түнеген. Валерийдің жүгінде шатыр, ұйықтайтын қап, үрлемелі төсеніш, оттық, бұқтырылған ет, шай, қарақұмық, су бар. Сонымен қатар фотоға түсіруге арналған жабдық пен Power bank қуаттағышты да ала шыққан. Панель велосипедшінің артына бекітілген.

Сморчков велоспорт туралы бейнеблог жүргізеді, сондықтан оған бүкіл жолды түсіру маңызды.

"Миссиям – жастарды велоспорт арқылы белсендіру, оларды қандай да бір белсенді іс-әрекетке тару. Мен жігіттермен, балалармен кездескенде, ақыт бөліп, сөйлесуге тырысамын", - дейді саяхатшы блогер.

Қостанай облысы велошабандоздың ұзақ жолындағы мақсаттарының біріне айналды. Ол 2200 шақырымды еңсеріп, Ресейдің Қорған қаласына жетуді жоспарлап отыр. Валерий Сморчков кері қайтар жолда автостоппен жүріп, велосипедті Қазанға жүкпен жіберуді жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу