Туристен алынған қаражат қонақүйлер мен әуе тасымалдаушыларына аударылады

849

Министр азаматтардан қалыптасқан жағдайға түсінушілікпен қарауды сұрады. 

Туристен алынған қаражат қонақүйлер мен әуе тасымалдаушыларына аударылады

Туристен алынған қаражат қонақ үйлер мен әуе тасмалдаушыларына аударылады
Бұл туралы мәдениет және спорт министрі мәлім етті.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова төтенше жағдай кезінде министрліктің қолға алған жобаларымен таныстыра отырып, қонақүйлер мен әуе тасымалдаушыларына өз ақшасымен қоса, әр туристен алынған қаражаттың сомасы аударылатынын айтты.

Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, қарастырылып жатқан шаралардың арасында туристік сапарды басқа мерзімге қалдыруға болады.

"Әлемде мынадай ахуал орнап, саланың дамуы тежеліп тұрған кезде салған ақшаны кері қайтару механизмі басқа салаға қарағанда өзгеше болып отыр. Осы қаражатты қайтару үшін операторлар өз серіктестерімен келіссөздер жүргізеді. Ал заң тұрғысынан рәсімдерді шешуге тиісті уақыт қажет. Осыған байланысты азаматтардан жағдайға түсінушілікпен қарауды және күте тұруды сұраймыз. Туристік қызмет туралы заңның 17-бабына сәйкес, туристердің қаражатын туроператорлар іс жүзінде шығарған шығындарын шегере отырып, қайтарады. Туроператорлар да өз тарапынан туындаған жағдайдан шығудың түрлі жолдарын ұсынады. Онардың арасында демалыс күндерін ауыстыру мүмкіндігі де бар. Яғни сапарды басқа мерзімге қалдыруға болады. Осындай көп мысалдарды қарастырып жатырмыз", – деп түсіндірді Мәдениет және спорт министрі.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу