Туристер Ақтауда демалу үшін алдын ала бронь жасауы тиіс

533

Ақтау – туристердің үлкен сұранысына ие қала.  Оған еліміздің басқа қалаларынан және шетелден демалушылардың жазғы маусымға күні бұрын брондау туралы өтініштер санының көбеюі дәлел. 

Туристер Ақтауда демалу үшін алдын ала бронь жасауы тиіс Фото: Яндекс

Мәселен, ресейлік туроператорлар Қазақстандағы Каспий теңізінің жағасында орналасқан Ақтау қаласына турлардың сатылымы ашылды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.  

"Каспий жағалауындағы Ақтауда демалудың жақсы жақтары бар: Ақтауға жету көп  уақыт алмайды. Небәрі Мәскеуден үш сағаттай жер. Әдемі жағалау, таза ауа.  Жазда Каспий теңізі, мысалы, Түркия мен Египеттегідей ыстық емес, бұл балаларымен демалатын отбасылар үшін таптырмас жол.  Жергілікті тұрғындар туристерге мейірімді және барлық жағынан көмектесуге тырысады.  Мұнда әдемі безендірілген көшелер, кафелер мен мейрамханалар бар. Онда әртүрлі ұлттың тағамдары мен қолжетімді баға бар", – дейді туроператорлар.

Шаһардағы халықаралық әуежай әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді қабылдауға мүмкіндік береді. Мәскеуден Ақтауға блоктық тасымалдау 28 сәуірде, Казаннан - 29 сәуірде, Екатеринбургтен - 30 сәуірде басталады.  Осы үш қаладан да рейстер аптасына екі рет орындалатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу