Есіл жағалауында ашылған демалыс орны қолөнер шеберлері мен өнерпаздарға толы. Мұнда келушілер хан ордасын көріп, суретшілер мен қолданбалы өнер шеберлерінің еңбектеріне тәнті болады. Әсіресе туристердің қызығушылығы жоғары, деп хабарлайды 24.kz.
Елордаға Испаниядан келген Инесс Сантьягоны қазақтың ұлттық ою-өрнектері таңдандырған.Ол "Қазақстанға алғаш келуім" дейді.
- Таңғажайып мәдениет әлеміне тап болдым. Қазақ өнерін бұрыннан естіп білуші ем. Елдеріңізде қайталанбас туындылар көп екен. Астананың сәулетіне көз тояды. Барлық қоспалары бар. Қазақстанға енді жиі келіп тұрамын деп шештім. ЭКСПО көрмесін де көріп қайтамын, - дейді шетелдік турист.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу